Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Жексенбі, 24 қараша, 14:24

Жұмысқа орналасуға көмектесетін жаңа платформа іске қосылды

04.09.2024

333

0

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ  «Мансап компасы» атты жаңа платформаны іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің хабарлауынша, цифрлық шешім пайдаланушыларға еңбек нарығындағы өзекті трендтерді зерделеуге, әртүрлі кәсіптердің сұранысын салыстыруға және оңтайлы білім беру траекториясын таңдауға бірегей мүмкіндік береді. 

«Платформа 2019 жылдан бастап отандық еңбек нарығы туралы деректерді талдайды, бұл пайдаланушыларға өзгерістер динамикасын бағалауға және болашақ үрдістерді болжауға мүмкіндік береді. Жобаның бір ерекшелігі – жұмыс іздеудің барлық негізгі платформаларын талдау. Бұл пайдаланушыларға ең көп сұранысқа ие кәсіптерді бағдарлауға және ең жақсы еңбек жағдайлары бар аймақтарды таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге платформа жоғары оқу орындары, мамандықтар және мемлекеттік гранттар алу мүмкіндіктері туралы толық мәлімет береді», делінген хабарламада.

Айта кетейік, жобаны бастау үшін жоғары білім алуды талап ететін 300-ден астам кең таралған мамандықтарға терең талдау жүргізілген. Келесі кезеңдерде осындай жұмыс негізгі техникалық және жұмысшы мамандықтар бойынша, сондай-ақ қосымша білім беру саласында жүргізілмек. Сондай-ақ 2024 жылдың соңына қарай мамандықтар туралы деректерді дәлірек болжау және талдау үшін машиналық оқыту модельдерін енгізу жоспарланған.

Сонымен қатар порталда кәсіптер, білім беру бағдарламалары мен жұмыс орындары туралы ақпаратты сақтауға арналған мәліметтер базасы, сондай-ақ пайдаланушылардың дағдыларын бағалау және жақсарту құралдары секілді жаңа функционал пайда болады.

– «Мансап компасы» жобасының аудиториясы өз мансабын жоспарлауға және кәсіби дамуға мүдделі адамдардың әртүрлі санаттарын қамтиды. Бірінші кезеңде – мектеп түлектері мен студенттер. Олар үшін платформа сұранысқа ие мамандықтар, жоғары оқу орындарына түсушілерге қойылатын талаптар және гранттар алу мүмкіндіктері туралы ақпарат көзі бола алады, сондай-ақ таңдалған мамандықтың болашағын бағалау, тағылымдамадан өту және болашақ жұмысты іздеу үшін бірегей ақпарат береді, – деп атап өтті ЕРДО вице-президенті Шалқар Байқұлақов.

Портал мамандығын өзгерткісі келетін адамдар үшін де пайдалы болмақшы. Демек, өз дағдыларын талдауға, жаңа кәсіби мақсаттарды анықтауға және тиісті білім беру бағдарламаларын табуға мүмкіндік туып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: