«Болат Өтемұратов қоры» Жеке қорының демеушілігімен салынған Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалы пайдалануға берілді.
Атап айтқанда, «Болат Өтемұратов қоры» «Қызылорда қаласының «Қорқыт ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы» жобасын іске асыруға 16,6 млрд. теңгені (33,0 млн. АҚШ долл.) арнайы бөлді.
Осы ретте, облыстық бюджеттен 4,3 млрд. теңге қаржы қаралып, Қызылорда қаласы әкімдігімен жаңа жолаушылар терминалына сыртқы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын жеткізу (су, кәріз, электр және интернет желілерін тарту, бу қазандығы мен КНС, автотұрақтар, автомобиль жолын салу) жұмыстары жүргізілді.
Жаңа терминалды іске қосу әуе айлағының өткізу мүмкіндігін 7 есеге – жылына 300 мыңнан 2 млн жолаушыға дейін арттырады. Жаңартылған «Қорқыт Ата» терминалы Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) жоғары стандарттарына сәйкес келеді.
Ауданы 7 500 шаршы метр терминал телескопиялық баспалдақтар, қол жүгін тексерудің автоматтандырылған жүйесі және басқа да озық технологиялармен жабдықталған.
Аптасына 26 ішкі рейс жүзеге асырылады (17-сі Астанаға, 9-ы Алматыға). Осы жылдың маусым айында Анталья (Түркия) қаласына халықаралық чартерлік рейс іске қосылды.
Ақтау және Атырау қалаларында қосымша рейстер ашу, сондай-ақ «Қызылорда–Көкшетау», «Қызылорда–Ақтөбе», «Қызылорда–Қарағанды» сияқты әуе бағыттарды әлеуметтік маңызы бар рейстер тізбесіне енгізу жоспарлануда.
Жыл қорытындысы: Қызылордада жаңа әуежай терминалы пайдалануға берілді
20.12.2024
107
0
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!