Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан 144 байқаушы 5 маусымда өтетін референдумда дауыс берудің өтуін қадағалайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олар Қазақстан бойынша сайлау учаскелеріне бекітілді. Бұл – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы байқаушыларының еліміздегі 15-ші миссиясы. Осы жолы оның құрамына ТМД Атқарушы комитеті мен Парламентаралық Ассамблеясы, Ресей мен Беларусь парламенттік жиналысы және басқа да бірқатар құрылым өкілі кірді.
«Біздің негізгі құрам ұзақ мерзімді бақылаушылар, яғни елшіліктер мен штаб миссиялардың өкілдері. Олар 21 мамырдан жұмысты бастап кетті. Қалғандары қалыптасқан тәжірибе бойынша дауыс беруден 2-3 күн бұрын ғана келеді», деді ТМД байқаушылар миссиясының басшысы Леонид Анфимов.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!