Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

2°C

, Жексенбі, 24 қараша, 08:12

Атырауда әскери бағыттағы мектеп ашылды

22.07.2023

535

0

Биыл Атырауда алғаш рет әскери бағыттағы «Сармат» мамандандырылған мектеп-лицей-ин­тернаты ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Келешекте мамандығын әскери қызметпен байланыс­тырғысы келетін балаларға әскери бағыттағы «Сармат» мамандан­дырылған мектеп-лицей-интернаты зор мүмкіндік ашады.

«Мектеп-лицейге қабылдау бойынша конкурстық іріктеу 1-2 шілде күндері аяқталды.  500-ге жуық атыраулық оқушы екі кезеңнен тұратын емтиханның бірінші күні қазақ тілі мен математикадан тестілеуге қатысып, екінші күні денешынықтыру қабілеттерін бағалау бойынша сынға түсті», деді мектеп директоры Ерлан Дайрабайұлы.

2023-2024 оқу жылында 7-8-9-сыныпқа барлығы 120 оқушы қабыл­данатыны белгілі болып отыр.  Әр сыныпта 20 баладан білім алады, яғни, екі 7-сынып, екі 8-сынып және екі 9-сынып болады.

«2025 жылға қарай мектептегі бала санын 300-ге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Ата-аналардың, оқушылардың жедел ақпарат алуы үшін sarmat.edu.kz ресми сайтын және Facebook пен Instagram әлеуметтік желілерінде арнайы парақшаларымызды іске қостық», деп нақтылады Ерлан Дайра­байұлы.

тырау қаласына қарасты Жаңаталап окру­гіндегі 300 орынға есептелген аталмыш мектептің облыс аудан­дарынан келген балаларға арналған жатақханасы да бар. 

Оқушыларға 6 мезгіл тамақтану, төсек орны, әскери киім үлгілері, оқу-құралдары, спорттық жабдықтар тегін қарастырылған. Әскери бағыттағы мұндай мектеп әзірге еліміздің санаулы ғана аймақтарында бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: