Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

27°C

, Бейсенбі, 22 мамыр, 00:11

Соңғы қоңырау қалай өтеді?

21.05.2025

10

0

Биыл Қызылорда қаласындағы мектептерде 3895 оқушы 11-ші  сыныпты бітіреді. Жалпы Қызылорда қаласы бойынша 85 орта мектеп бар. Бұл туралы Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің бас маманы Қанат Әбдіқадыров айтып берді.

– 2024-2025 оқу жылында жалпы қала бойынша 3895 оқушы 11-ші  сыныпты бітіреді. Оның ішінде 273 оқушы «Алтын белгіге» үміткер болса, 408 оқушы үздік аттестаттан үмітті болып отыр. Тағы бір айта кетерлігі, соңғы оқу күні 23 мамырда өтеді. Барлық мектепте  «Білімім – Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары ұйымдастырылады. Биылғы оқу жылының ресми аяқталуы жексенбі күнімен сәйкес келуіне байланысты 11-ші сынып түлектері үшін салтанатты шара  қала көлемінде бір мезетте 23 мамыр күні сағат 09.00-де мектеп қабырғасында немесе мектеп ауласында «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында  өтеді, – деді Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің бас маманы Қанат Әлібекұлы.

Білім бөлімі бас мамамының айтуынша, 11-ші сынып түлектері үшін ұйымдастырылатын салтанатты шарада қаржы талап ететін безендірулер, аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, студияларды тартуға, мерекелік дастархан ұйымдастыруға, автокөліктермен кортеджге, экскурссияға шығуға, табиғат аясына серуендеуге, өзен-көлдерге, шағын су алаптарына суға түсуіне болмайды. Аталған мәселелер бойынша мектеп ұжымына, ата-аналарға, оқушыларға ескертіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Бұдан бөлек 23 мамыр күні мектеп ұжымынан жасақталған рейдтік топтар қалалық паркте, жағажайларда, түнгі клубтарда, ойын-сауық орталықтары мен мейрамханаларда аралау жұмыстарын жүргізеді.

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: