Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Сәрсенбі, 05 ақпан, 09:11

Жекеменшік мектеп оқушыларын тегін тамақтандыруға 12 млрд теңге бөлінді

24.01.2025

431

0

Мемлекет жекеменшік мектептердің бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін 12 миллиардтан астам теңге бөлді. Жаңа бастама 25 мыңнан астам баланы қамтиды, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жекеменшік мектептерде оқитын аз қамтылған отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсету биылғы жылдан басталады. 30 желтоқсанда Президент Білім және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңға қол қойды.

Заң мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын оқушылар үшін әлеуметтік қолдау шараларын кеңейтуді көздейді. Бұрын «Жалпыға бiрдей білім беру» қорынан мектеп керек-жарақтары мен кеңсе тауарларын сатып алуға көмек тек мемлекеттiк мектеп оқушыларына ғана көрсетiлген болса, енді  жекеменшік мектеп оқушыларына да қатысты болады.

«Жаңа заң аясында жергілікті атқарушы органдарға меншік нысанына қарамастан, әлеуметтік осал отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсету құзыреті беріледі. Бұл барлық балалар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам», деді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдың қыркүйегінен бастап бастауыш сынып оқушылары мен әлеуметтік санаттағы 5-11 сынып оқушылары үшін мемлекеттік мектептерде тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды.

Биылғы оқу жылында мемлекеттік мектептерде оқитын 1,7 млн-нан астам бала тегін тамақпен қамтамасыз етілген. «Жалпыға бірдей білім беру» қоры аясында 510 мың оқушыны құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге қосымша 22,5 млрд теңге бөлінген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: