Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Сейсенбі, 03 желтоқсан, 22:15

21 жасқа толмаған жастарға несие берілмеуі мүмкін

20.10.2023

1518

0

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова 21 жасқа толмаған азаматтарға несие беруді шектеу туралы жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Агенттік 90 күннен астам мерзімі өткен несиесі бар азаматтарға кепілсіз тұтынушылық несие беруге тыйым салуды көздейтін заңнамалық түзетулер әзірледі», деді Мәдина Әбілқасымова парламенттік тыңдауда.

Оның айтуынша, енді мұндай шектеу кірісі ең төменгі жалақыдан төмен қарыз алушыларға ғана қатысты.

«Сонымен қатар жастар арасындағы қарыздың өсуіне байланысты 21 жасқа толмаған азаматтарға несие беру тек ресми кірісі болған жағдайда ғана жүзеге асырылады деген талапты енгізу ұсынылды», деп қосты М. Әбілқасымова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: