Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

13°C

, Сенбі, 25 қазан, 22:22

Таң ауылы «арақсыз ауыл» мәртебесін алды

10.09.2025

859

0

Жалағаш аудандық прокуратурасының бастамасымен және жергілікті қауымдастықтың белсенді қолдауымен Таң ауылы ресми түрде ішімдіксіз ауыл мәртебесіне ие болды.

 Бұл бастама аясында ауыл кәсіпкерлері өз еріктерімен алкоголь өнімдерін сату лицензияларынан бас тартып, саламатты өмір салтын қалыптастыруға үлес қосты.

 Мұндай шешім – ауыл тұрғындарының денсаулығын қорғауға, жастарды зиянды әдеттерден сақтауға және қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған маңызды қадам.

 Прокуратура тарапынан жүргізілген түсіндіру жұмыстары мен кездесулер нәтижесінде кәсіпкерлер мен ауыл ақсақалдары бастаманы бір ауыздан қолдады.

 Бұл – билік пен қоғамның ортақ мүдде үшін бірлесе әрекет еткенінің айқын дәлелі.

Салауатты орта – жарқын болашақ кепілі!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: