Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

0°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 06:22

ТАҢ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚАЖЕТ ДЕП САНАЙДЫ

01.06.2022

544

0

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы республикалық штабының мүшелері Смағұл Бақытбек пен Генадий Шиповскихтер Таң ауылының жастары және ауыл тұрғындарымен кездесті.Аталған кездесуде мәжіліс депутаттары жастардың мәжіліс пен мәслихатта орны ерекше екенін айтып өтті.

Жаңа Ата заңда мәжіліс және мәслихат депутаттығына үміткер жастар өзін-өзі ұсыну арқылы өте алады. Биыл «AMANAT» партиясының трансформациялау жұмысы аясында жастарды қолдауда бірқатар жұмыстар қолға алынды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмалары аясында партия ішінде бірқатар жұмыстар басталды. Атап айтар болсақ, Жас буын арасындағы өзекті мәселелерді шешу үшін жаңа бағыттарды белгілеп, Orleu, Qaisar, TazaLike секілді партиялық жобаларды іске асыруға күш салып жатыр.Жастар – қоғамның қозғаушы күші ғана емес, елдің тірегі, мемлекеттің ең белсенді бөлігі. Еліміздің тұтқасы осы жастардың қолында. Сондықтанда құрметті жас достар! Сіздерді еліміздің болашағы үшін 5 маусым күні референдумға шақырамын деді – «AMANAT» партиясы республикалық штабының мүшесі Смағұл Бақытбек.Таң ауылындағы басқосуға «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанындағы қоғамдық кеңес төрағасы, партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Мұстафаева Қаншагүл, штаб мүшелері, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Айтжанова Гүлжайна, Досымов Қайрат және штаб мүшесі Ахметжамиев Асхат қатысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: