Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Жұма, 22 қараша, 22:44

2025 жылдан бастап “Отбасы банктің“ барлық терминалы жабылады

10.10.2024

320

0

«Отбасы банк» жаңа жылдан бастап төлем қабылдайтын терминалдардың жұмысын толығымен тоқтатып, жаңа жүйеге көшеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Банктің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша терминалдардың жабылуы банк қызметінің төмендеуіне әсер етпейді. Керісінше, тұтынушыларға тиімді төлем жасау тәсілі ұсынылады. 2025 жылдан бастап азаматтар барлық операцияны онлайн орындай алады.

«2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап банктің барлық терминалы толығымен жабылады. Неге десеңіздер, «Отбасы банк» толығымен жаңа цифрлық шешімдерге көшіп жатыр. Сізге енді банкке келіп, төлем терминалдарын пайдаланудың қажеті жоқ. Біз сіздердің уақыттарыңызды үнемдеп, қызмет көрсету сапасын арттыру жолында жұмыс істеп жатырмыз», – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, «Отбасы банктің» терминалы жабылғанымен, екінші деңгейлі банктердің терминалдары және банкоматтары, мобильді қосымшалары, интернет-банкингі және «Қазпошта» бөлімшелері арқылы депозиттерді толықтырып, несие өтеуге болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: