Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Жұма, 29 қараша, 19:36

2025 жылы елімізде ауыл шаруашылығы санағы өтеді

09.01.2024

312

0

Ел Үкіметі 2023 жылдың 29 желтоқсанында «2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу туралы» қаулы қабылдаған еді. Қаулы осы жылдың 19 қаңтарында күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаулы 2024 жылдың 19 қаңтарында күшіне енеді. Ауыл шаруашылығы санағы 2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазан аралығында өткізіледі.

Санақ екі кезеңде өтеді:

2025 жылғы 1-31 тамыз аралығында интернет желісі арқылы онлайн режимде;
2025 жылғы 20 қыркүйек – 20 қазан аралығында планшет пайдаланып елді мекендерді аралау арқылы.

Санақты өткізудің мақсаты – аграрлық сектордың дамуына болжам жасау және ауыл шаруашылығы саласының қазіргі шынайы жағдайы туралы толыққанды ақпарат алу.

Санақты жүргізген кезде орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру арнайы құрылған комиссияға жүктеледі.

Айта кетейік, Қазақстанда осыған дейін ұлттық ауыл шаруашылығы санағы бір рет қана, 2006-2007 жылдары өткізілген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: