Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Дүйсенбі, 13 қаңтар, 22:07

2025 жылы студенттердің стипендиясы қанша болады

13.01.2025

70

0

Ғылым және жоғары білім министрлігі биыл 1 қыркүйектен бастап елімізде студенттерге арналған стипендия мөлшері өсетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұдан бөлек 2025 жылы жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің стипендиясы 2 есе, ал магистранттар мен докторанттардікі 1,75 есе өседі.

бакалавриат студенттерінікі 52 372 теңгеге дейін;

педагогика және медицина бағытында білім алушылардікі 84 000 теңгеге дейін;

магистранттардікі 117 098 теңгеге;

докторанттардікі 262 500 теңгеге дейін өседі.

Емтихан сессиясын «өте жақсы» тапсырған жағдайда жоғары стипендия алу мүмкіндігі сақталады.

Интернатурада оқитындар 94 862 теңге, ал резидентурада оқитындар 134 664 теңге көлемінде стипендия алады. Стипендияларға арналған қосымша төлемдер де белгілі бір санаттағы студенттер үшін қарастырылған:

Көру және есту қабілеті бұзылған тұлғаларға:

Бакалавриат – 94 651 теңге,

Магистратура – 204 921 теңге,

Докторантура – 459 375 теңге.

Мүгедектігі бар немесе жарақат, контузия, ауру салдарынан зақым алған тұлғаларға:

Бакалавриат – 78 558 теңге,

Магистратура – 175 647 теңге,

Интернатура – 142 293 теңге.

Ата-анасыз қалған немесе қамқорлыққа алынған балалардың стипендиясы 30% ұлғаяды:

Бакалавриат – 68 083 теңге,

Магистратура – 152 227 теңге,

Интернатура – 123 320 теңге.

Мемлекеттік стипендиядан бөлек, оқу озаттарына, олимпиада, шығармашылық байқаулар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздарына арналған президенттік стипендия бар. Оның мөлшері – 104 744 теңге және ол университеттің ғылыми кеңесінің шешімімен тағайындалады.

Президенттік стипендияны 3-курс студенттері мен 2-курс магистранттары ала алады. Бұл стипендияға бюджеттік және ақылы негізде оқитындар да үміткер бола алады.

Депутат университетте оқу ақысының жоғары екенін айтып, бағаны бақылауға алуды ұсынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: