Қазгидромет ел аумағында 5 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
Әлі де циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын анықтайды, осы орайда найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстік-батыста, шығыста, орталықта бұршақ күтіледі.
«Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде, Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде, батысында, Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.
Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде, Ұлытау, Қостанай, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстік-батысында, Павлодар облысының солтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жетісу, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, Ақмола облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады», – деп жазды синоптиктер.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!