Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Жексенбі, 24 қараша, 21:39

Әнге бөленген ауыл

27.08.2024

380

0

Жаңадария ауылында «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының «АРТ уақыт» жобасы аясында ауылдық клубтың ұйымдастыруымен Жалағаш ауданының 85 жылдығы мен Жаңадария ауылының 60 жылдығына орай «Аспанында ән тербеген Жаңадария» атты облыстық патриоттық ән фестивальі өтті. Аталған фестивальде елді мекен әкімі Рауан Ақпанбетов Жаңадарияға табан тіреген әр ауданның үздіктеріне сәттілік тілеп, ауыл тарихынан сыр шертті.

– Қазақстанда шөлді-шөлейтті аймақтарды игеру мақсатында мал шаруашылығымен айна­лысатын көптеген совхоз құрылған. Соның бірі 1964 жыл­ы 27 қаңтарда алғашқы қазығы қа­ғылған Жаңадария совхозы еді. Шалғайда орна­ласқан жас совхоздың жұмысын жүргізіп, басшылық жасаған азаматтар мен білікті мамандар бір жеңнен қол, бір жағадан бас шы­ғарып, алғашқы ұйымдастыру жұмыстарын ұйым­шылдықпен атқарған. Совхозда құрылыс жұмысы жыл сайын қарқын алып, совхоз орта­лығында ақшатырлы үйлер салынып, кө­шелер тартылған. Электр желілері тартылып, жарық сама­ладай жарқырап, шалғайдағы аймақта жаңа совхоз бой көтерді. Сондай-ақ каналдар қазып, көкөніс, бақша егу, мал жайылымдарын суарып игеру жұмыстары қат-қабат атқарылған, – деді ауыл әкімі.
Иә, өткен ғасырдың сексен-тоқсаныншы жыл­дары совхоздың шаруашылық-эко­но­микасы өсіп өркендеген. Шаруашылық жұмысын ұтымды ұйым­дастырудың нәтижесінде совхоз бойынша төл алу, мал басын аман сақтау, ет, жүн, қаракөл ет тірісін өткізу жөнін­дегі міндеттемелері асы­ра орындалған. Мал ша­руашылығымен айна­лы­сатын Жаңа­дария сов­хозы бірнеше бесжыл­дықтың қорытын­дысы­мен жеңімпаз болып, ауданның ауыспалы «Қызыл Туын» жеңіп алған. Шаруашылық бойынша қой саны 48 мың, жылқы 3500, түйе 500, ірі қара саны 360-қа жеткен. Совхоздан «Еңбек Ерлері» шықпаса да, ел сенім артқан халық қалаулылары, аудандық, облыстық кеңес депутаттары, кеуделерінде медаль-ор­ден жарқыраған ма­мандар мен майталман мал­шылар баршылық.
Жалпы Жаңадария – аудан орталығынан шал­­­­ғай демесеңіз, ауыл шаруашылығын дамы­туға ең қолайлы елді мекен. Жүзден аса отбасы бар ауылда бүгінде көркейту-көгалдандыру, ауыл тұр­ғында­рының әлеуметтік жағдайын жақсарту, саяси ахуалды сақтау, әрбір тұрғынның ұсыныс-пікірін орындау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Жергілікті тұрғындардың басым көпшілігі бақша егумен айналысады. Ауданда да күз мезгілі туғанда «Жаңадарияның қауыны» дегенді жиі естиміз. Өйткені елді мекендердің ішіндегі сапалы әрі уақытылы өнім ұсынатын бірегейі де – осы Жаңадария ауылы. Қауыны, қарбызы, басқа да бақша өнімдері ешқандай артық қоспасыз және дәмі тіл үйіргендіктен, көпшіліктің сұранысынан түспей келеді. Ал ауыл халқы алажаздай бақша өнімдерін күтіп-баптап, қоңыр күзде мол өнімін жинап, өзінен артылғанын ауданға әкеліп сатады.
Айта кетейік, ауылда мәдениет саласы да бір жолға қойылған. Кезінде осы аядай ғана ауылдан қаншама өнер адамы шығып, қарапайым тұр­ғындары сахна саңлағына айналған. Ауылдың 60 жылдық мерейтойына орай өткен «Аспа­нында ән тербеген Жаңадария» атты облыстық ән фестивалде Арал, Шиелі, Қармақшы, Қазалы, Жаңақорған, Сырдария мен Жалағаш ауданы және Қызылорда қаласынан келген 8 талантты әнші бір сахнада бас қосты.
Өнер жолында шыңдалып келе жатқан жас дарындарға Қызылорда облыстық халық шығар­машылығын дамыту және мәдени продюсерлік ор­та­лығының көркемдік жетекшісі Руслан Бура­бай мен Жаңадария ауылдық клубының бас­шы­сы Рүстем­бек Көшеров қазылық етіп, өнер­лерін бағалады.
Облыстық фестиваль 2 кезеңнен тұрды. Бі­рінші кезеңде қатысушылар патриоттық ән орындау бойынша сынға түсті. Алғашқы сахна­ға шық­қан Арал ауданынан келген Кішкене Жұмамұрат пат­риоттық сезім мен рухты оятатын белгілі сазгер Қуат Шілдебаев пен ақын Тұманбай Молдағалиевтің шығармашылығынан туған әнші Батырхан Шөкеновтің орындауындағы «Отан-Ана» әнін шырқап, көпшіліктің көңілінен шықты. 9 жасынан бері ән әлеміне бетбұрған жас әншінің айтуынша, оның бұл әнді орындап жүргеніне 3 жылға жуықтаған.
– Негізі дәстүрлі өнер әншісімін. Қазіргі таңда Алматы қаласындағы «Жүсіпбек Елебеков» атындағы республикалық эстрада-цирк коллед­жінің дәстүрлі ән бөлімінде оқимын биыл 3 курсқа өтіп жатырмын. Көбіне Сырдың жыр-термелерін орындап, ара­сында эстрадалық әндерді де шырқап тұрамын, – дейді Кішкене Жұмамұрат.
Ол жас болса да үлкен жетіс­тік­терге қол жеткізіп үлгерген. Осыған дейін «Дарабоз» республикалық бай­қауынан ІІ орын, «Бозторғай» облыстық бай­қауынан 2 мәрте ІІІ орын иеленген.
Мұнан әрі сахна төріне шыққан өнерпаздар да қоңыр дауысымен жергілікті халыққа пат­риоттық әндерді паш етіп, қазылар алқасынан оң баға алды. Алғашқы кезеңнен сүрінбей өткен өнерпаздарға екінші кезеңде еркін тақырыпта ән салу міндеттелген.
Фестиваль соңында өнерпаздарға «Талантты әнші», «Жарық жұлдыз», «Та­лапты әнші», «Үздік пат­риот­тық ән», «Көрермен көзайымы» сынды номи­нациялар мен сыйлықтар табысталды.

Ақтоты ЕРЖАНҚЫЗЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: