Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Сенбі, 21 желтоқсан, 19:33

Әскерге барып келгендер университетке тегін түсе алады

20.09.2022

486

0

Қорғаныс министрлігі жаңа жобаның басталатынын мәлімдеді. Соның аясында мерзімді әскери қызметін өтеп келгендер жоғары оқу орнына тегін түсе алады, деп хабарлайды министрліктің ресми сайты.

Жаңа жобаның негізгі мақсаты – жастардың мерзімді әскери қызметін өтеуге деген ынтасын арттыру. Бүгінде ғылым және жоғары білім министрлігі жобаны қолдап отыр. Жоғары оқу орындары да қосыламақ. Әскерге барып келгендерге бірнеше жеңілдік жасалады. Олар:

ҰБТ-ны есепке алмай, әңгімелесу нәтижесі бойынша екі жыл ішінде ақылы негізде жоғары оқу орнына түсу;

ЖОО әскери кафедрасында тегін оқу;

мерзімді әскери қызметті өтеу кезіндегі жетістіктеріне қарай жоғары оқу орны грантын беру;

әскери оқу орындарына емтихансыз және ҰБТ-сыз оқуға түсу.

«Әскери оқу орындарына емтихансыз түсу және азаматтық жоғары оқу орындарында оқу грантын алу кезінде әскери қызметшілердің Отан алдындағы борышын өтеген балаларына да басымдық беріледі деген жоспар бар. Жобаны іске асыру үшін білім беру саласындағы заңнамаға өзгерістер енгізудің қажеті жоқ», – дейді министрлік мамандары.

Қазіргі кезде 40-қа жуық жоғары оқу орны жаңа жоба аясында жеңілдік беруге дайын екенін растады. Ал қорғаныс министрлігі тиісті ережелерге өзгерістер енгізу жұмыстарын бастап кетті. Жаңа жоба 2023 жылы басталады. Соның аясында барлық жеңілдік қазір борышын өтеп жүрген азаматтарға және 2022 жылы әскерге шақырылуға жататын сарбаздарға беріледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: