Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Дүйсенбі, 22 қыркүйек, 13:23

Айдос Сұлтанғали әлем чемпионы атанды

21.09.2025

7

0

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Айдос Сұлтанғали Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында топ жарды.

Ол 60 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеді.

Финалда Сұлтанғали Өзбекстан балуаны Алишер Ганиевті 9:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңді.

Айта кетейік, Айдос Сұлтанғали бұған дейін де екі мәрте әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған (2018, 2022).

Соңғы рет отандастарымыз грек-рим күресінен 1999 жылғы әлем чемпионатында алтын медаль иеленген еді. Ол кезде 63 келіге дейінгі салмақта Мхитар Манукян чемпион атанды.

Дереккөз, фото: olympic.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: