Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Сенбі, 23 қараша, 19:57

️АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері Еңбек ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді

26.09.2024

310

0

Бүгін халықтық штаб мүшелері Қ.Нұрмағанбетов Б.Шілдебаев,Г.Айтжанова,Е.Каналхан,
Ж. Әбсаттарұлы Еңбек ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.


Бүгінде қолданысымыздағы көп дүние электр қуатымен байланысты. Барлық тұрмыстық техника, мобильді құрылғылар және интернет соның арқасында жұмыс істейді. Ол үйімізді, көшелерді жарық етеді, ал соңғы кездері онымен көлігімізді де қуаттайтын болдық деді- Б.Шілдебаев


Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын» – деді Президент Жолдауында. Жалпы, заман қарыштап дамыған сайын адамзат баласының қажеттіліктері күн санап артуда. Президентіміз Жолдауда айтқандай, баламалы энергия көздерін пайдалану күн тәртібінде тұрған басты мәселелердің бірі. Сондықтан, бүгінді бағдарлы, келешекті кемел ету үшін АЭС салудың маңызы зор деп ойлаймын, – деді Г.Айтжанова


АЭС қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жаңа жағдай жасайды. Электр энергияның тұрақты және қолжетімді тарифтері өндірістегі тиімсіз үстеме шығындарды азайтуға ықпал етеді. Ал бұл қадам қаражатты жаңа технологияларды енгізуге, жаңа жұмыс орындарын құруға бағыттауға мүмкіндік береді. Таза жасыл атом энергетикасы 2060 жылы көміртегі салығы енгізілген кезде отандық тауарларымыздың шетелдік нарықта сәтті бәсекелесуіне жағдай жасайды деді- Е.Каналхан


АЭС бой көтеруі арқылы болашақта энергия көздерінен ешқандай кедергіге тап болмасымыз анық. Оған дәлел, әлемде бірнеше дамыған елдер АЭС арқылы қуат көзін ұтымды пайдаланып отырғаны дәлел бола алады. Штаб мүшелері 6 қазан күні өтетін референдумға бір кісідей қатысып, өз позицияларын танытуға шақырды- Ж. Әбсаттарұлы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: