Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

10°C

, Жұма, 27 қыркүйек, 04:16

Аймақ басшысы онкология орталығына барды

26.09.2024

92

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев медицина мекемелерін аралау кезінде облыстық онкология орталығына арнайы барып, емделушілердің хал-жағдайын сұрады. 

Орталық ғимараты 2021 жылы салынған. Бос тұрған денсаулық сақтау саласы ғимараттарын тиімді пайдалану мақсатында 185 төсек-орынға арналған бұрынғы модульдік-инфекциялық аурухана былтыр материалдық-техникалық жабдықтарымен бірге облыстық онкология орталығына берілді. Мұнда 350 қызметкер жұмыс істейді.

Аймақ басшысы емделушілерге барлық жағдай жасалу керектігін, орнатылған құрал-жабдықтарды тиімді пайдалануды ескертті.

«Онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтау, тиімді әдіс-тәсілдер арқылы емдеу, ауыр халдегі науқастарға барынша қолдау көрсету – орталық қызметкерлерінің басты міндеті. Осындағы медициналық құрал-жабдықтар халыққа толыққанды қызмет көрсетуі тиіс. Олар сатып алынғандағы басты мақсатына сай пайдаланылуы керек, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

онкология 2.jpg
онкология 1.jpg
онкология 4.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: