Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті.
Отырыс барысында аудандағы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы мен алдағы жоспарлар, сондай-ақ мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмысы талқыланды.
Мемлекеттік жастар саясаты бойынша қоғамдық даму бөлімінің басшысы Жасұлан Еспенбет, ал мектепке дейінгі білім беру мәселелері бойынша білім бөлімінің басшысы Талғат Садықов баяндама жасады.
Депутаттар көтерілген мәселелер бойынша өз пікірлерін білдіріп, бірқатар нақты ұсыныстар енгізді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!