Федералды әуе көлігі агенттігінің хабарлауынша, «Azimut» әуе компаниясына тиесілі Sukhoi Superjet 100 ұшағы Түркияның Анталия қаласына қонған соң отқа оранған, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz DW-ге сілтеме жасап.
24 қарашада Ресейдің Сочи қаласына ұшқан Sukhoi Superjet 100 ұшағы Антальяның әуежайына қонғаннан кейін өртенген. Бұл оқиғаны Ресей авиациясы мемлекеттік ұйымының баспасөз хатшысы Артем Кореняко растады.
Кореняко Антальядағы Ресейдің Бас консулдығына сілтеме жасай отырып, апат салдарынан ұшақ жолаушыларының ешқайсысы зардап шекпегенін мәлімдеді.
Сонымен қатар «Azimut» компаниясының кері ұшуға резервтік ұшақ дайындап жатқаны хабарланды.
Түркияның көлік министрлігінің мәліметінше, ұшақта 95 адам, ал Анталия әуежайының хабарлауынша, ұшақта 91 адам болған.
Сондай-ақ, AirportHaber авиациялық порталының хабарлауынша, Superjet 100 ұшағының қозғалтқышы өртенген. Әуе компаниясының мәліметінше, Superjet қатты жаңбыр мен жел кезінде қолайсыз ауа-райында қатты қонғаннан кейін өртеніп кеткен.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!