Бір ақ шашты жұлсаңыз, ол қаптап кетеді дегенді естіген боларсыз. Бұл рас па?
«Егер бұл рас болса, адамдарда ешқашан шаш түсу проблемасы болмас еді. Бұл аңыздың ғылыми дәлелдемесі жоқ. Адам табиғи себептерге байланысты күніне 150 шаш жоғалтады. Сондықтан оның біреуін қолыңызбен жұлу ештеңе өзгертпейді», – дейді Eufora International компаниясының директоры, кәсіби шаш күтімімен айналысатын Мирза Батанович.
Десе де, ақ шашты жұлмаған жөн. Жұлдызды стилист Майкл Ван Кларктің айтуынша, өмірі мерзімінен бұрын аяқталған шаш келесі циклін шамамен 3 айдан кейін бастайды.
«Оған қоса, 20 жастан асқан адамдардың шашы әр цикл сайын жұқарып, уақытынан бұрын түсе бастайды. Қалыпты жағдайда, циклдер әр 5 жыл сайын өзгеріп тұрады. Бірақ циклдер мөлшері шектеулі», – деді ол.
Шашты жұлу шаш түйіндерін зақымдайды.
«Сіз шаш өсу циклін қысқартып қана қоймай, шаш түйіндерін зақымдайсыз, – деп ескертті стилист Дженнифер Кораб. – Бұл жұқпаға, қабынуға және тақыр бас болуға әкеледі».
Ақ шаш не үшін көбейеді?
Сарапшылардың айтуынша, шын мәнінде, шаш ақ емес, жартылай мөлдір. Сұр реңк өз түсіңіздегі шаштың қанша қалғанына байланысты. Бұл табиғи қартаю процесі. 28 жастан кейін меланиннің пигментті түйіршіктері азаяды, өйткені оның жасушаларын шығаратын меланоциттер баяу жұмыс істейді.
Ақ шаштың ерте пайда болуына генетика мен өмір салты әсер етеді. Мысалы, стресс бұл процесті жылдамдатады.
Ақпарат дереккөзі: massaget.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!