Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

17°C

, Жексенбі, 13 сәуiр, 19:36

Аққырда құрылыс қарқынды

09.04.2025

191

0

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов Аққыр ауылында басталған құрылыс жұмыстарының жай-күйімен танысып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Айта кетейік, биыл Аққырда 5 көшенің күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

– Мемлекет басшысының, Үкіметтің, облыс әкімінің қол­дауымен елді мекендерде маңызды инфрақұрылымдық жо­­балар жүзеге асырылып келеді. Өздеріңіз көріп отыр­ғандай, бірлігі жарасқан киелі Аққыр өңірінде де бірқатар ішкі көшеге күрделі жөндеу құрылысы басталды. Ауылда осы секілді маңызды жобаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыруды көздеп отырмыз, – деді аудан әкімі.
Мұнан бөлек Ардақ Әбдіғаппарұлы құрылысы жүріп жатқан спорт нысанының жұмысымен танысты. Былтыр облыс әкімі­нің қолдауымен ауыл жастарын спортпен шұғылдануға жағдай жасау үшін «Қазақстан халқына» қоры арқылы Аққыр елді мекенінде жалпы құны 175 млн теңге болатын спорт кешенінің құрылысы басталған. Қазіргі таңда аталған нысанның құрылысы аяқталуға жақын. Бүгінде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Ауылдың тыныс-тіршілігімен танысқан аудан басшысы құрылыс жұмыстарының сапалы орындалуы, елді мекенді аяқсумен қамтамасыз ету, су көздерін аршу, көркейту-көгал­дандыру секілді жұмыстарды жандандыруды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: