Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Жексенбі, 11 мамыр, 01:04

Аралда шаруашылыққа қажетті ұнтақтар өндіретін зауыт іске қосылды

10.05.2025

11

0

Облыс Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Арал ауданында «Ase Іnvest» тұрмысқа қажетті ұнтақтар өндіретін зауыттың ашылу рәсімі өтті.

Аралда шаруашылыққа қажетті ұнтақтар өндіретін зауыт іске қосылды

Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, зиялы қауым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты. Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты жаңа зауыттың ашылуымен құттықтап, аймақтың кәсіпкерлік саласының жаңашылдықтарына тоқталды.

Аралда шаруашылыққа қажетті ұнтақтар өндіретін зауыт іске қосылды

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Мен инвестиция және бизнес саласындағы ахуалды жақсартуға, кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға айрықша назар аударамын. Кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау үшін бизнесті жүргізу мәселесіне қатысты заң қабылдадық. Қазір мемлекеттік бақылау жүйесін ретке келтіріп жатырмыз», – деген болатын. Кәсіпкерлікті қолдауға 2022-2024 жылдары әртүрлі көздерден 206 млрд. теңге тартылып, 16 мың 700 жоба қаржыландырылды. Оның 40 млрд. 931 млн теңгесі мемлекеттік бағдарлама аясында қолдау тапты. Бүгін «Ase Іnvest» серіктестігі іске қосатын зауытта шаруашылыққа қажетті ұнтақтар шығарылмақ. Жаңа зауыт құтты, жұмыстарыңыз сәтті, табысты болғай!» – деді аймақ басшысы.

Рәсімде Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Ергешбаев пен Мұрат Әбенов құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар, жаңашыл бастамаға ұйытқы болған компания өкілдері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Айта кетейік, зауыт тәулігіне 22 тонна өнім өндіреді. Шығарылған өнімнің 50 пайызы экспортқа бағытталмақ. Жобаның екінші кезеңінде кәсіпорын ылғал майлықтар өндірісін жолға қоюды жоспарлаған. Цех жыл соңына дейін іске қосылады. Жаңа кәсіпорын 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: