Қызылорда облысының Арал ауданында оқушылар математиканы аяқдоп әдісі арқылы меңгеруде. Ерекше сабақты ойлап тапқан жас ұстаз – Мұқан Төлебаев.
Білім берудің бұл тың тәсілінде оқушылар доп қуаламайды, есеп шығару арқылы ақылмен шабуылдап, біліммен қорғанады. Шағын футбол ережесіне сай өтетін сабақта 6 оқушыдан екі топқа бөлініп, бақ сынайды. Ең қызығы оқушылар бұл пәнге футбол жейдесін киіп қатысады. Тіпті, командалар алдын ала жоспар жасап, оны ойын кезінде өзгерте де алады.
Математиканы футбол ойынымен байланыстырған жас мұғалім Мұқан Арал қаласындағы 262 мектеп-гимназиясында математика пәнінен сабақ береді. Оның айтуынша бүгінде балалар білім толықтыратын алтын уақыттарын виртуалды әлемге сарп еткізіп жүргендер аз емес. Ал бір сарынды сабақтар оқушыларды тіпті жалықтырып жібереді. Осы әдісті қолданудағы басты мақсатым – оқушылардың қызығушылығын ояту дейді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!