Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 31 мамыр, 05:22

Астана халықаралық форумы басталды

29.05.2025

81

0

АХФ жаһандық өзгерістер жағдайында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған

Елордада Астана халықаралық форумы (AIF) ашылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Биылғы форумның тақырыбы – «Connecting minds, shaping the future».

Пленарлық отырысықа президент Қасым-Жомарт Тоқаев та келді.

Ал форумның құрметті қонақтары арасында Руанда басшысы Пол Кагаме, Солтүстік Македония президенті Гордана Сильяновска Давкова, БҰҰ-ның 8-ші бас хатшысы Пан Ги Мун, Еуропа Кеңесінің бас хатшысы Ален Берсе, Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының (ФАО) бас директоры Цюй Дунъюй, Халықаралық көші-қон ұйымының бас директоры Эми Э. Поуп, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) бас директоры Дарен Танг мен БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Каха Имнадзе бар.

Форумға барлығы 7000-нан астам адам тіркелген. Еуропа, Орталық Азия, Таяу Шығыс пен Африка елдерінен, сондай-ақ, жетекші халықаралық ұйымдардың атынан 160-тан астам спикер сөз сөйлейді. Олар екі күн бойы түрлі саланың сарапшыларымен бірлесіп, мемлекетаралық ынтымақтастық моделін, жаңа жаһандық әріптестік құрудың келешегін қарастырады.

АХФ жаһандық өзгерістер жағдайында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Форумның негізгі бағыттары:

Сыртқы саясат пен халықаралық қауіпсіздік;

Энергетика және климаттың өзгеруі;

Экономика мен қаржы.

Форум аясында 40-тан аса панельдік сессия, бейресми пікірталастар мен басқа да бағдарламадан тыс шаралар өтеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: