«Астана» футбол клубы жаңа форматтағы Конференция лигасының плей-офф кезеңін өте алмады. Жарыстағы соңғы ойында Кипрдің АПОЭЛ командасымен тең түсті, – деп хабарлайды msports.kz.
Никосияда өткен ойында 1:1 есебі тіркелді. «Астананың» плей-оффқа шығуы үшін ірі есеп айырмасымен ұтуы керек болған.
Бірінші таймда командалар есеп аша алған жоқ. Екінші таймда екі гол соғылды. 56-минутта Анасасиос Донис алаң иелерін алға шығарды. 64-минутта «Астана» сапынан Кипрас Казуколовас есепті теңестірді.
Қазақстандық клуб сапынан Макс Эбонг, АПОЭЛ қатарынан Яннис Сациас қызыл қағаз алып, ойынды ерте аяқтады.
5 ұпай жинаған «Астана» плей-оффтың електік кезеңіне өте алмады. Топта 28-орын алды. 11 ұпай жинаған АПОЭЛ плей-оффта ойнайды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!