Астанадан Шымкентке бағытталған пойыз жол апатына ұшырады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желідегі мәлімет бойынша, екі теміржол қызметкері қаза тапқан.
21 қаңтарда сағат 7:27-де Шығанақ-Шоу учаскесінің Жиделі-Бірлік аралығында теміржол көлігінің екі қызметкерімен жазатайым оқиға орын алды. Салдарынан екі қызметкер қайтыс болды.
Пойыз машинисі жедел тежеуді іске қосқанымен, алайда қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болмаған.
«Барлық мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы барды. Тексеру басталды. ҚТЖ қызметкерлердің отбасыларына шын жүректен көңіл айтады және оларға қажетті көмек көрсетеді», – делінген ҚТЖ баспасөз қызметінің ресми жауабында.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!