Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Сенбі, 30 қараша, 11:47

Астананы жаңа жылдық безендіруге 836 млн теңге бөлінетіні рас па?

08.12.2023

435

0

Биыл қысқы маусымда Астана қаласы әкімдігі сырғанақтар, мұз айдындары, шаңғы трассалары, жаңа жылдық фотоаймақтар және өзге де көптеген қысқы серуен аймақтарын ашуды жоспарлап отыр. Елорда тұрғындары мен қонақтары серуендеуге арналған 60-қа жуық сырғанақтар мен мұз айдындары салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл бас қаланы қысқы маусымға дайындап, жаңа жылдық безендіруге қанша қаржы бөлінгені белгілі болды. 

Демалыс орындарын құру, жаңа жылдық безендірумен оған бөлінетін қаржы суммасын қала әкімдігі 5 шағын аудан (Есіл, Сарыарқа, Байқоңыр, Алматы, Нұра) әкімдігінің өз құзіретіне қалдырған.

Десе де, әкімдіктер қаланы безендіруге бюджеттен қаржы бөлуден бас тартпаған.

Қысқы демалыс орындарын құру мен безендіруге бірінші кезекте барын салып отырған Есіл ауданы бюджеттен –  352 млн теңге бөлген. 

Екінші орында қаланы безендіруге қомақты қаржыны Нұра ауданы қарастырған. Аталған аудан қысқы мерекелердің сәнін келтіретін аймақ дайындауға әкімдік бюджетінен 150 млн теңге бағыттаған.

Одан кейінгі сатыда Сарыарқа ауданы осы бағыттағы жұмыстарды жүргізуге 146 млн теңге бөліп отыр.

Ал Алматы ауданы безендіруге – 105 млн теңге жұмсамақ.

Байқоңыр ауданы сырғанақ, мұз айдыны мен жаңа жылдық безендіру үшін – 83 млн теңге бөлген.

Елорданы безендіруге жалпы жиыны  – 836 млн (836 000 000) теңге жұмсалмақ.

Қысқы сырғанақтар мен мұз айдындары дайындалатын мекенжайларды мына жерден білуге болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: