Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 06:10

Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі!

07.08.2023

710

0

Жалағаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бағытында профилактикалық іс-шараларын кеңінен атқарып келеді.

Атқарылған жұмыстарға қарамастан көбінесе, автокөлік иелерінің өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамай салғырттық танытып, арты қайғыға ұшырататыны баршамызға мәлім.

Өрттердің шығу себептеріне келетін болсақ, автокөлік иелерінің өз мүліктеріне немқұрайлықпен қарап, қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан болып отыр.

        Құрметті автокөлік жүргізушілері, Сіздерге Жалағаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері автокөліктерде өрттің және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында төмендегі шараларды орындауды ұсынады:

   – электр тоқ жүйелері және қондырғылар зауыттан шығарылған болуы тиіс;

   – қозғалтқыш бөлігі жанармайдан таза болуын қадағалап, майдың төгілуіне жол бермеу керек;

   – автокөліктердің қосалқы есіктері еркін ашылуы тиіс;

     Автокөліктерде мыналарға тыйым салынады:

   – қозғалтқышты ашық отпен қыздыруға;

   – қолдан жасалған электр қондырғыларын пайдалануға;

   – Жанармай құю станциясында жолаушыларды түсірмей жанармай құюға;

   – Автокөлік ішінде темекі шегуге;

   – Автокөлік ішінде жанармайдың бос ыдыстарын сақтауға немесе жинауға;

   – Аккумуляторды автокөлік ішінде зарядтауға,

   – Жанармай сақтау ыдысының аузын ашық қалдыруға;

   – Қозғалтқышты бензин, дизель майымен жууға;

   – Газ баллондарын тасымалдауға (арнайы автокөліктен басқа);

   – Ашық тұрған, оқшауланбаған электр сымдарын пайдалануға;

  –  автокөліктер мінтетті түрде отбасқыштармен қамтамасыз етілуі тиіс;

Құрметті автокөлік жүргізушілері адам өміріне қауіп төндірмеу үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтайық. Өрт тілсіз жау екенін ұмытпаңыз. Өрт болған жағдайда 101, 112 телефон нөмірлеріне хабарлаңыз.

Жалағаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: