Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 12:59

Аудан әкімі Көрісу күні мерекесімен аудан халқын құттықтады

14.03.2024

731

0

14-НАУРЫЗ «КӨРІСУ КҮНІ», КӨКТЕМНІҢ БАСЫ – АМАЛ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті аудан тұрғындары, игі жақсы жандар!

Қыс мезгілі аяқталып, жайма шуақ көктемнің көрікті күнінде бүгін тағы бір мерекені атап өтпекпіз.

Әрбір шаңырақта дастархан жайылып жақсымен жақсы көңіл сұрасып, наурызнаманы «Көрісу» мейрамынан бастадық. Жан жағын күн шуағына малынтып, сағынтып жеткен қасиетті Амал мерекесі баршамызға құтты болсын!

Бұл мереке қазақ халқының ежелден үлкенді сыйлап, кішіге ізет білдіріп, ананы құрметтеп, қызды аялап өткен ғажап болмысын көрсетеді.

Халқымыздың көне салт-дәстүрлерін, ғибратты тұрмыс-тіршілігін айшықтайтын амал күнін тойлау бүгінгі күні оң үрдіске айналды.

Бақытты отбасы, болашағы жарқын еліміздің негізгі байлығы саналатынын ескере отырып, барлық жанұяға жақсылық дарып, үйдің ұйытқысы үлкендеріміз аман болсын демекпін. Тәй-тәй басқан бүлдіршіндеріміз мейірімді ананың, қамқор әкенің қуаныш шаттығына бөленіп, саналы ұрпақ қалыптасуына тілекшімін.

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында елімізге тыныштық, жұртымызға амандық тілеймін. Мереке құтты болсын!

Құрметпен, аудан әкімі Ардақ Ибраимов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: