Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

15°C

, Сәрсенбі, 08 қазан, 18:47

Аудан әкімінің төрағалығымен мәжіліс өтті

08.10.2025

10

0

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Онда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жаңғырту, алдағы жылу беру маусымына дайындық және аймақ басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды.

Аудан әкімі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе – алдағы жылу беру маусымына дайындық. Аудан әкімі әлеуметтік нысандардың толық дайын болуын, жылудың үздіксіз берілуін және өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Кент және ауылдық округ әкімдеріне тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін тексеріп, профилактикалық жұмыстарды күшейту, сондай-ақ ақпараттарды әлеуметтік желі арқылы тұрақты жариялап отыру міндеттелді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: