Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

17°C

, Жұма, 03 қазан, 11:00

Ауданда халықаралық қарттар күніне орай салтанатты жиын өтті

02.10.2025

34

0

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті.

Мерекелік шарада аудан әкімінің міндетін атқарушы Ғани Сүлейменов аудан әкімінің атынан ардагерлерді құттықтап, өңірдің дамуына, өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан бірқатар ардагерлерді марапаттады.

«Сіздер елдің ең ауыр кезеңдерінде аянбай еңбек етіп, маңдай терлеріңізбен осы тәуелсіз елдің іргесін қаладыңыздар. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» демекші, әрбір ісімізде, әрбір қадамымызда сіздердің тәлімдеріңіз бен ұлағатты тәрбиелеріңіздің ізі жатыр. «Қарты бар ел – қазыналы ел» деп бекер айтпаған. Себебі сіздер – өмірдің талай сындарынан сүрінбей өтіп, тоқсан тарау жолдардан түйін түйген даналықтың иесісіздер. Сіздер – әр отбасында ғана емес, бүкіл қоғамда да тыныштықтың, татулықтың, сабыр мен парасаттың белгісі болып отырсыздар.

Ұрпақ тәрбиесінде сіздердің алатын орындарыңыз – ерекше. Бүгінгі жастарға бағыт-бағдар беріп, өмірлік жолдарын дұрыс таңдауға себепкер болып келесіздер. Осы мереке күні аудан әкімінің атынан сіздерге зор алғысымызды білдіре отырып, әр шаңыраққа амандық, әрбіріңізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін!», – деді Ғани Сүлейменов.

Салтанатты жиын одан әрі ауданның көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасып, ардагерлерге мерекелік ән шашуын тарту етті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: