Бүгін партия алаңында Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өткізілді.
Фракция отырысына аудандық партия филиалының төрағасы Өмірзақ Тұрымбетұлы, фракция жетекшісі Гүлзат Ердәулетқызы, партия филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Шоңмұрынқызы және фракция мүшелері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселелер Ауданда жүргізіліп жатырған құрылыс жұмыстарының жайы туралы, Ақсу, Жаңадария ауылдық округі әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есептері қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Жалағаш ауданының құрылыс,сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі Нұрлан Байымбет, Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ғабит Ерболұлы, Ақсу ауылдық округінің әкімі Марат Шілдебаев, Жаңадария ауылдық округінің әкімі Рауан Ақпанбетов есептерін берді.
Жалағаш кенті Ақтерек-170 га учаскесінен су ұңғымалары және су жинау-тарату кешенінің құрылысы бойынша партия филиалының төрағасы Өмірзақ Тұрымбетұлы сұрағын қойып, орындалуын бақылауда ұстауын және орындалып жатқан жұмыстың сапасына көңіл аударуын сұрады.
Фракция мүшелері жергілікті жерлердегі аудандық маңызы бар автомобиль жолдарымен ауыл ішілік көшелер, ауыз су құрылысы, газбен жабдықтау сондай-ақ әлеуметтік обьектілердің газға қосылу жұмыстары бойынша бірқатар сауалдарын жолдап, ұсыныстарын берді.
Күн тәртібіндегі мәселелерді фракция мүшелері кеңінен талқылап, қаулы қабылданды.
Ұсыныстардың орындалуы депутаттық фракция назарында болады.
Аудандық мәслихаттағы «Аmanat» партиясы депутаттық фракция отырысы өтті
17.03.2025
38
0

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!