Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 20:42

Балаларға мүгедектік тобы 7 жастан берілген жағдайда жәрдемақы қанша болады

24.01.2021

780

0

Өткен аптада парламент мәжілісіне мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік жағынан қорғауды көздейтін заң жобасы түсті. Құжатта мүгедектік тобын балаларға жеті жастан белгілеу ұсынылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Заң жобасын еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірледі. Онда баланың денсаулығына, мүмкіндігінің шектелуіне және организм функцияларының бұзылуына байланысты мүгедектік тобын 7 жастан бастап белгілеу туралы норма көзделген.

Министрлік дерегінше мүгедектік тобы жеті жастан берілген кезде, жәрдемақы қанша теңге болуы мүмкін екенін айтты.

«Балаларға мүгедектік тобы 7 жастан бастап берілген жағдайда, I топ ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,92 коэффициенті (65 860 теңге), II топ – 1,59 КД (54 540 теңге), III топ – 1,4 КД (48 023 теңге) шамасында жәрдемақы алады», – делінген ресми жауапта.

Айта кетсек, 2021 жылы базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 302 теңге болып бекітілді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда мүгедектігі бар балалардың 4 санаты бар: 16 жасқа дейінгі мүгедек бала, 16 жастан 18 жасқа дейінгі бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедек бала.

Мүгедектік тобы балаларға 16 жастан бастап беріледі.

Сонымен қатар, заң жобасында мүгедек бала 18 жасқа толғаннан кейін тәрбиелеп отырған отбасы үшін мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кезектілікті сақтау көзделіп отыр.

Бұдан бөлек, мүгедектерді әлеуметтік қорғау және жұмысқа орналастыру шараларын қабылдау, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін жетілдіру қарастырылған.

Еске салсақ, биыл 1 қаңтардан бастап мүмкіндігі шектеулі жандарға төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты 5%-ке өсті.

Жалпы және кәсіби аурулардан, еңбекте мертігуден мүгедек болғандарға:

  • I топ – 65 860 теңге;
  • II топ – 52 483 теңге;
  • III топ – 35 675 теңге.

Мүгедек балаларға:

  • 16 жасқа дейін – 48 023 теңге.

16 жастан 18 жасқа дейін:

  • I топ  – 65 860 теңге;
  • II топ – 54 541 теңге;
  • III топ – 41 163 теңге.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: