Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Сенбі, 30 қараша, 00:27

Баламен ойнау арқылы оның сөйлеуіне көмектесуге бола ма?

02.01.2024

300

0

Қазір қоғамда кең тараған мәселенің бірі – бала тілінің кеш шығуы. Заманауи балаларда ойыншық өте көп. Алайда ата-аналар балаға ойыншықты дұрыс таңдап жүр ме? Ойыншықтардың және баламен ойнау арқылы оның сөйлеуіне көмектесе аламыз ба? Бұл сұрақтарға қазақстандық логопед Шәйкенова Назгүл Серікқызы жауап берді.

Маман баланың ойыншықпен ойнау арқылы қиялы, есте сақтауы, ойлауы және сөйлеуі дамитынын айтты.

«Бала ерте жастан бастап қандай да бір затпен іс-әрекетке түсу арқылы дамиды. Бұл әрине ең бірінші ойыншықпен ойнау арқылы жүзеге асады. Ойыншықпен ойнау арқылы баланың қиялы, қабылдауы, есте сақтауы, зейіні, ойлауы және сөйлеуі дамиды. Яғни ойыншықпен ойнау арқылы баланың сөйлеуіне көмектесе аламыз», – дейді Назгүл Серікқызы.

Логопед баланың жасына қарай оған қандай ойыншықтар алып беру керегін айтып берді.

«Кішкентай 4-5 айлық балаларға сылдырмақтар, массаждық шарлар, жұмсақ текшелер және мұнаралар алып беру керек. Бала оларды қолына ұстау арқылы моторикасын дамытады. 8 айлық балаға әртүрлі ішпек ойыншықтар (вкладыш) керек. Ағаштан жасалған матрешка, түрлі мұнаралар, қораптар, ыдыс ойыншықтар – осылардың барлығы баланың сөйлеуін, моторикасын дамытады. 1 жастағы балаларға табиғи материалдармен ойнау маңызды. Яғни құм, ермексаз (пластилин), қамырмен ойнау және т.б пайдалы. 2-3 жасқа қарай пазлдар мен мозаикалар қажет. Олар – баланың көз бен қолының координациясын, ұсақ мотрикасын, кеңістікте ойлауын, сөйлеуін  дамытуға арналған ойыншықтар», – деп кеңес берді ол.

Сондай-ақ маман баламен бірге мұндай ойыншықтармен қалай ойнау керегін түсіндіріп берді.

«Бұл ойыншықтарды баланың алдына тастап, өзіңіз кетіп қалуға болмайды. Ата-ана бала ойынына міндетті түрде қатысуы және оған көмектесуі керек. Сондай-ақ көп ойыншықты бірден шашып тастамаймыз және бәрін бірден алдына бере салмаймыз. Бір-бір ойыншықтан алып көрсететіз», – дейді логопед Назгүл Серікқызы.

Назгүл Серікқызы баламен бірге қалай ойнауға болатын айтып, бір мысал келтіре кетті.

«Ойыншықты қорапқа жасырып қойыңыз. Нақты нұсқаулық беріңіз. Көп артық сөздің қажеті жоқ. Балаға сырттағы сөзді ғана емес, дыбыстарды да қабылдау қиын. Сіз көп сөз айтып, өз сұрағыңызға өзіңіз жауап берсеңіз,  баланың мотивациясын жоғалтып аласыз. Бірінші, баланың зейінін өзіңізге бұру. Ойй мяу – ооп, қорапта. Екінші – баланың қызығушылығын тудырып, ым-ишара арқылы қарым-қатынасқа түсіріңіз. Оой (қорапты шайқау), тук-тук, соқ! Үшінші – ойын түрінде қысқа сөзбен айтыңыз. Не бар? Оппа, тез қара. Ооо, мысық, тез шақыр! Мяу-мяу! Ал, қайталамаса ше, онда әлі дайын емес. Төменгі деңгейге түсесіз. Сөйлеуге дейінгі кезең – ым-ишара. Нұсқаулықпен көрсетіңіз. Мен сияқты соқ – тук-тук! Кішкене қайталаған кезде «мына жерде біреу жасырылып қалды» деңіз де – КУ-КУ! Деп айтып, көрсетіңіз», – дейді маман.

Ақпарат дереккөзі: Massaget.kz 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: