Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Бейсенбі, 26 желтоқсан, 16:34

Басына оқ тиген ұлттық ұлан сарбазы қайтыс болды

09.10.2023

421

0

 ҚР Ұлттық ұланы 6636 әскери бөлімінде сарбаз қайтыс болды, деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 9 қазанда болған.

«6636 әскери бөлімінің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер әскери қалашықты күзететін кезекші бөлімшенің құрамында қызметке кіріскен. Штабтың кезекшісі және кезекші бөлімшенің командирі сағат 01.20 шамасында жауынгерлердің қызмет өткеруін тексеру кезінде қатардағы жауынгерді өз бекетінде басына тиген оқ жарақатымен тапқан», – дейді ведомство.

Жедел жәрдем жеткенше сарбаз оқиға орнында қайтыс боп кеткен.

Ұлттық ұлан қызметкерлерінің айтуынша, оқиға тексеріліп жатыр, қызметтік тергеу басталды.

«6636 әскери бөлімінің қолбасшылығы қатардағы жауынгер марқұм Қ.Сұлтановтың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», – деп мәлімдеді ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Марқұм сарбаз биыл көктемде әскер қатарына келген. Теміртау қаласының тумасы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: