Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

0°C

, Сенбі, 01 ақпан, 12:36

Болат Мажағұлов 8 жылға сотталды

31.01.2025

88

0

Елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сеніп тапсырылған мүлікті жымқырды деп айыпталған Астана қаласы Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Болат Мажағұловқа үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz

Сот үкімімен Болат Мажағұлов 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

«Сот Мажағұловты Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету» қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танып, 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды», делінген хабарламада. 

Екінші айыпталушы Қанапин 3,5 жылға сотталды. Ол сот залында қамауға алынды.

Сондай-ақ сот Мажағұлов пен Қанапиннен 1 миллиард 86 миллион теңге көлеміндегі бірлескен және бірнеше шығынды өндіру туралы шешім шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: