Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Атап айтқанда, найзағай ойнап, бұршақ түседі, қатты жел соғып, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, солтүстік өңірде нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еліміздің батыс және оңтүстік аймақтары антициклонның ықпалында болғандықтан мұнда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республикамыздың оңтүстік-батысында жел соғады, солтүстік, солтүстік-батыс өңірлерде түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп күтіледі. Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп болжанады.
Атырау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Жетісу облысының шығысында, Түркістан облысының орталығында, солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының батысында, шығысында, Қостанай өңірінің оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Түркістан облысының шөлейтті аудандарында, Батыс Қазақстан облысының батысында (Жәнібек ауданының батыс бөлігінде), Атырау облысының батысында, Қызылорда облысының шығысында төтенше өрт қаупі болуы ықтимал.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!