Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Сенбі, 24 қаңтар, 17:21

Бұл марапат – жерлестерімнің де мерейі

24.01.2026

5

0

Қызылорда қаласының ел астанасы болғанына 100 жыл толуына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бесінші әрі тарихи құрылтайды Сыр өңірінде өткізуді ұйғарды. Бұл өңір тұрғындары үшін қолдау әрі зор мәртебе екені рас.
Кейде көпшілік арасында осы құрылтайлар не шешіп жатыр деген ой бола­тыны жасырын емес. Өзім жиынға бастан-аяқ қа­ты­сып, Мемлекет басшысының бағ­дарламалық баян­дамасын тыңдап, осыған дейін атқарылған жұмыстарға қанық болдық. Өзге де мәселелердің шешімін жариялаған кезде мұның елге қажет, экономикалық, әлеуметтік және рухани дамудың кепілі деуге тұрарлық маңызды шара екеніне көзіміз жетті. Қасым-Жомарт Кемелұлының баяндамасы сондай ұғынықты болды, көңілімізден шықты. Құрылтай Қазақстан экономикасының да­муына, әлемдік аренада өз орнын табуына ықпал ет­кені рас.
Ұлттық құрылтайда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазір Қызылорда облысында, әсі­ресе әлеуметтік салада жақсы жаңалық көп. Үш жылда осы аймақта 34 білім беру, 45 мәдениет және спорт нысаны салынды. Бұған қоса 40 медицина нысаны ашылды. Бір сөзбен айтқанда, Қызылорда облысы барлық салада қарқынды дамуда. Об­лыстың жағдайы жалпы жақсы деп күмәнсіз ай­туға болады. Бұл – әкім Нұрлыбек Нәлібаевтың бел­сенді, табанды жұмысының нәтижесі», – деп атап көрсетті.
Расында, аймаққа әкім боп келгелі Нұр­лыбек Машбекұлының атқарып жатқан істерін көзіміз көріп, сол нысандардың салтанатты ашы­луларына қатысып жүрміз. Бұл құрылтай тарихи оқи­ға болып қалады.
Дәл осы тағдыршешті жиында Президент қолынан мемлекеттік марапат – «Парасат» орденін алдым. Мұны мен еңбегімді қолдап жүрген барлық жерлесімнің мерейі деп есептеймін.


Сәби Аңсат,
қоғам қайраткері

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: