Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Жұма, 29 қараша, 10:35

Былтыр Қазақстанда тұрмыстық зорлықтан 69 әйел қайтыс болған

21.01.2024

445

0

Былтыр Қазақстанда тұрмыстық зорлықтан 69 әйел, 7 бала қайтыс болған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Сенат депутаты Жанна Асанова мәлімдеді.

«2023 жылы Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 69 әйел, 7 бала қайтыс болған. Тұрмыстық зорлық дерегі бойынша 99 мыңнан аса хабар түскен. Балаларға қарсы 2452 қылмыс жасалған. Бірнеше резонанс тудырған жағдай болды», – дейді депутат.

Оның сөзінше, сенат депутаттары үкіметке осы проблемаға қатысты сауал жолдаған. Бүгінде құжат дайын, енді ол Мәжіліс талқылауына жіберіледі.

«Заң жобасы мыналарды қамтиды: зорлық-зомбылықты криминализациялау, яғни ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру үшін қылмыстық жауапкершілік (қазір олар ҚР ӘҚБтК-де); оларды жария айыптаудың қылмыстық құқық бұзушылық санатына жатқызу; балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық нысандары үшін жазаны қатаңдату және тараптардың татуласуын болдырмау», – дейді Жанна Асанова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: