Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Жұма, 29 қараша, 01:34

Цифрлық платформа құру ұсынылды

03.02.2024

318

0

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Беларусь, Ресей және Өзбекстан үкіметтерінің басшылары қатысқан Digital Almaty 2024: Индустрия Х цифрлық форумының пленарлық отырысында сөз сөйледі. Алматыда 1-3 ақпан аралығында өтіп жатқан іс-шарада мемлекеттік басқару, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы цифрлық трансформация тақырыптарын қамтитын ауқымды іскерлік бағдарлама ұсынылған. Панельдік пікірталастарға халықаралық сарапшылар, сала көшбасшылары, IT және бизнес салаларындағы жетекші инноваторлар қатарынан 200-ден астам спикер қатысуда.

Үкімет басшысы өз сөзінде бү­гінде біз жасанды интеллект тех­но­ло­гияларының қарқынды дамуы, робот­тан­дыру, сондай-ақ адам өмірін­дегі іс-әрекеттердің цифрлық түрленуінің куәсі болып отырғаны­мызды атап өтті. Ол мұндай жағдайда тез бейімделу және бірден жаңа шешімдер қабыл­дау мүмкіндігі жетістікке жетудің маңызды факторына айналады деп есептейді.
Үкімет басшысы мұндағы бірінші және негізгі бағыт мемлекеттің аза­маттармен және бизнеспен өзара іс-қимылы кезінде адам қажеттілігіне ба­ғытталған тәсілді қалыптастыру екенін айтады.
– Өткенді еске түсірейік. Құжаттарды қағаз түрінде алу үшін көп уақыт жұм­сауға тура келетін. Бүгінде цифр­лан­дыру осы үдерістердің барлығын жеңілдетті. Қазір мемлекеттік қыз­мет­тердің 90 пайыздан астамы элек­тронды форматта. Отбасының цифр­лық картасы арқасында 6,3 млн қа­зақстандық отбасының деректері цифр­ландырылды. Жалпы мемлекеттік қыз­меттердің 40 түрі проактивті фор­матта көрсетіледі, – деді Премьер-Министр.
Стратегиялық міндет – өтініштерді өң­деуді жеделдету және қызмет көр­сету сапасын жақсарту үшін жасанды ин­теллектті мемлекеттік қызметтер са­ласына интеграциялау. Бұл ретте дер­бес деректерді қорғау үшін қажетті шаралар қабылдануы тиіс. Үкімет басшысы бүгінде жасанды интеллект элементтері өндіріс сала­сында, қоғам­дық қауіпсіздікті қамта­ма­сыз етуде, денсаулық сақтауда, мем­лекеттік қызмет көрсетуде және т.б. са­­лаларда қолданылып жатқанын атап өтті.
– Жасанды интеллектті қолданудың сәтті мысалдарының бірі – CEREBRA медициналық платформасы. Ол сандық технологияны пайдалана оты­рып, инсультті жылдам диагнос­тика­лауға мүмкіндік бе­ре­ді. Өткен жылы Қазақстанда сәтті іс­ке қосылғаннан кейін жоба Өзбекстан на­рығына да шықты. Ал бүгінде ұжым оны басқа елдерде де іске қосуға дайын, – деді Әлихан Смайылов.
Сонымен бірге ол жасанды ин­теллект құралдарын дамыту үшін ау­қым­ды деректер мен есептеу қуатына қол жетімділікті қамтамасыз ету өте маңызды екенін атап өтті. Яғни бізде барлық мемлекеттік органдардың деректерін шоғырландыру және өңдеу тәжірибесі бар.
– Қазіргі уақытта біз кәсіпкерлер мен стартаптар қауымдастығына жеке тұлға мәліметтері жоқ деректерге қол жеткізуді қамтамасыз ету тетіктерін пысықтап жатырмыз. Жыл соңына дейін біз ғалымдарымызды, ғылыми-зерттеу институттары мен бизнесті қажетті есептеу қуатымен қамтамасыз етеміз, – деді ол.
Өңірлік ІТ-экожүйені дамыту мәсе­лесіне тоқталған Әлихан Смайылов өзін инновациялық клас­тер және стар­таптардың негізгі серіктесі ретінде танытқан Astana Hub халықаралық тех­нопаркін мысалға келтірді. Сондай-ақ ол бұл тәжірибені еліміздің барлық өңірлерінде белсенді түрде кеңейтіп жатқанын атап өтті.

Үкімет басшысы Astana Hub сонымен қатар әлемнің жетекші компанияларымен бірлесе білім беру курстары мен зерттеу орталықтарын іске қосып, ірі технологиялық алпауыттардың серіктесі болғанын еске салды. Ол әлемнің әртүрлі бөліктерінде ұқсас экожүйелердің жаһан­дық серіктестер желісінің болуы маңызды деп есептейді.
– Біз былтыр Кремний алқабында IT-хабын іске қос­тық. Бұл біздің экспорттаушыларымызға жаңа техно­ло­гиялар мен капиталға қолжетімділікті қамтамасыз ете оты­рып, әлемдік IT нарығына шығуға мүмкіндік берді. Мұн­дай жұмыстар Оңтүстік-Шығыс Азия, Таяу Шығыс пен Еуропаны қоса алғанда басқа аймақтарда да жүргізіліп отыр, – деді Премьер-Министр.
Үкімет басшысының пікірінше, құзыретті және білікті кадрлардың болуы да маңызды мәселе. Бұл міндетті іске асыру үшін Қазақстанда жастарға қысқа мерзімде IT-мамандықтарды игеруге мүмкіндік беретін «TeхОрда» бағдарламасы іске қосылды. Нәтижесінде 6 мыңнан ас­там адам IT білім алып, салада жұмыс істей бастады, та­быстары да бірнеше есеге артқан.
Премьер-Министр өнеркәсіп саласында жаңа технологияларды қолдану мәселесіне де тоқталды.
– «Икс» индустриясын дамытудың маңызды құралы жер қойнауын пайдаланушылар табысының 1 пайызын ғылыми-зерттеу әзірлемелеріне бөлу болды. Бір мысал – жасанды интеллект көмегімен кеннен алтын алу процесін оңтайландыру жобасы. Мұндай әзірлемелер өндірістік процестерді оңтайландыруға және олардың тиімділігін арттыруға мультипликативтік әсер етеді, – деді ол.
Әлихан Смайылов атап өткендей, Қазақстанның ком­муникациялық инфрақұрылымын дамыту мақсатында был­тыр «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы қабыл­данған. 2027 жылға қарай интернеттің таралуы 100 па­йызға жетеді деп күтілуде. Осылайша ауылдық елді ме­кен­дерді сапалы байланыспен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар биыл шалғайдағы 2 мың ауыл мектебін жоғары жылдамдықты интернетпен қамту жоспарлануда.

Ерлан СОЗАҚБАЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: