Синоптиктер 15, 16 және 17 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алдағы күндері республиканың барлық аумағында ауа райы тұрақсыз болады.
«Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста, республиканың орталығында бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте 15, 17 маусымда, орталықта 15 маусымда қатты жаңбыр жауады деп күтіледі», делінген ақпаратта.
Ал елдің батысында ауа температурасы +33+42°С дейін ысиды, оңтүстік-шығыста ауа температурасы +35+42°С дейін көтеріледі.
«Солтүстікте +26+34°С, орталықта +25+33°С, шығыста +21+31°С дейін ысиды», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!