«Қазгидромет» РМК ұсынған мәлімет бойынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде фронтальды бөліктердің әсерінен синоптикалық жағдай қалыптасады. Синоптиктердің болжауынша, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады.
«Қазақстанның батысында бұршақ жаууы мүмкін, республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде қар аралас жаңбыр жауады деп болжанды. Қазақстан Республикасының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі», – делінген «Қазгидромет» РМК ұсынған ақпаратта.
Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы түнде 2-12 градус жылы болады.
7 қазанда солтүстікте кей жерлерде 1 градусқа дейін үсік сақталады, күндіз еліміздің солтүстік жартысында 10-20, оңтүстік жартысында 15-27 градус жылы болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!