Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел соғып, жауын-шашынды ауа райы сақталады.
Солтүстік облыстарда ауа температурасы аздап жылынса, батыста керісінше төмендеуі күтілуде.
8-9 қыркүйекте солтүстік-батыста, 9 қыркүйекте республиканың солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр, түнде көктайғақ түріндегі жауын-шашын күтіледі.
Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында күндіз ауа температурасының біртіндеп 18-25 градус Цельсийге дейін көтерілуі, Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында 13-23 градусқа дейін төмендеуі күтіледі. Бірақ елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасы +30С дейін жоғарылайды.
Астанада 7 қыркүйекте жауын-шашынсыз. Түнде +8°С, күндіз +18°С. Жұма және сенбі күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұманды ауа температурасы күтеді.
Алматыда 7 қыркүйекте жауын-шашынсыз. Түнде +15°С, күндіз +26°С. Жұма, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Шымкентте 7 қыркүйекте күндіз найзағай ойнап, желдің екпіні 20 м/с жетеді. Түнде +15°С, күндіз +28°С.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!