Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:08

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

16.06.2023

350

0

«Қазгидромет» синоптиктері 2023 жылдың 17-19 маусымына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағы Оңтүстік циклоны мен соған байланысты атмосфералық шептердің ықпалында болады. Елдің көп бөлігінде күн күркіреп, өткінші жауын жауады, жел соғып, бұршақ жаууы мүмкін. 18 маусымда батыста, 18-19 маусым күні солтүстік-батыста нөсер жаңбыр жауады, Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Тек республиканың шығыстағы бөлігінде ғана жауын-шашын болмайды», делінген синоптиктердің хабарламасында.

«Қазгидромет» мәліметі бойынша, күндізгі ауа температурасы батыста +20+28 градусқа, солтүстік-батыста +13+26, солтүстікте +17+27 градусқа төмендеуі, республиканың солтүстік-шығысы, шығысы мен орталығында +30+37 градусқа дейін жоғарылауы ықтимал. Ал оңтүстік өңірлерде  айтарлықтай өзгеріс болмайды. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: