Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Сенбі, 21 желтоқсан, 20:12

ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

01.06.2023

463

0

Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы болып өтті. Фракция жетекшісі Гүлзат Құрманбаева жетекшілік еткен отырыстың күн тәртібіне 5 мәселе қаралды. Атап айтар болсақ: Жалағаш аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту, Жалағаш ауданы бойынша 2023 жылға жоспарланған құрылыс жұмыстары туралы, Мақпалкөл және Еңбек ауылдық округтері әкімдерінің сайлаушыларға берген уәделерінің орындалуы туралы және қосымша мәселелер.
Аталған отырысқа «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева қатысты.


Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша депутаттық фракцияның жылдық жоспары бектіліп, кезектен тыс отырыстарды өткізу бойынша ұсыныстар берілді.


Келесі мәселе бойынша Жалағаш ауданы бойынша 2023 жылға жоспарланған құрылыс жұмыстары туралы Жалағаш аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ербол Ғабит хабарлама жасады. Хабарлама барысында бөлім басшысы аудандық маңызы бар жолдарды, газдандыру және Жалағаш кентіндегі темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір туралы айтты.


2022 жылы сайлауда «AMANAT» партиясы атынан ұсынылған Мақпалкөл және Еңбек ауылдық округтері әкімдерінің сайлаушыларға берген уәделерінің орындалуы туралы мәселе тыңдалды. Партия атынан ұсынылған ауыл әкімдеріне сайлауалды бағдарламаның 100 пайыз орындалуына жұмыс жасауды және ауылдарда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына қоғамдық бақылау ұйымдастыруды ұсынды.


Фракция жетекшісі Гүлзат Құрманбаева фракция мүшелеріне «Халықпен бірге» атты партияның сайлауалды бағдарламасының іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданы бойынша жол картасынындағы іс-шаралардың орындалуын қадағалауды, халықпен жиі кездесуді ұйымдастыруды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: