Димаш Құдайберген Президентпен әуекемесінде кездесіп, әңгімелескен фото, видеосын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Көк аспанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлымен әңгімелесіп отырған сәт! Мазмұнды іссапардан естелік!», деп жазба қалдырды әнші Instagram-дағы парақшасында.
Димаш Құдайберген Сиань қаласына жұмыс бабымен барған.
Әнші Қытай және Орталық Азия халық мәдениеті мен өнер жылының және Қытай-Орталық Азия жастар өнері фестивалінің ашылу салтанатына қатысып, Тан әулетінің Лотос саябағында өнер көрсетті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!