Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

24°C

, Жұма, 30 мамыр, 08:35

Димаштың челленджі: Мектеп директоры «Golden Ticket» жеңіп алды

28.05.2025

42

0

Жақында Димаш Құдайберген «Тау ішінде» әніне бейнебаян түсіріп, арнайы челлендж жариялаған еді.

Күні кеше Алматыда өткен фан-кездесуде дәл осы байқаудың жеңімпазы анықталды.

Челленджді жас түлектермен бірге «Тау ішінде» әнінің биін қайталаған ұстаз ұтып алды. Астана қаласы № 58 мектеп-гимназиясының директорына әншінің анасы өз қолымен «Golden Ticket» табыстады.

– Мен өте қуаныштымын. Бұл № 58 мектеп оқушыларымен бірге түсірілген челлендж. Бірлескен жұмыстың нәтижесі. Алла қалап, Еуропаға жолдама ұтып алдық. Бұл – Еуропаның кез келген қаласында өтетін Димаштың концертіне жолдама. Бұл тек 1 адамға берілді ме, әлде оқушыларға да жолдама беріле ме –оны ұйымдастырушылар қосымша байланысып, хабарлаймыз деп айтты. Әзірге қалай болары нақты белгісіз. Әзірге Димаштың Лондонда өтетін концертіне барамыз деп жоспарлап отырмыз. Әлі де ақылдасамыз, – дейді «Бүгін LIVE» бағдарламасына онлайн байланысқа шығып, сұхбат берген Ақмоншақ Нұртаза.

Мектеп директоры үздік атанған бейнематериалдың қалай түсірілгенін айтып берді.

– 24 мамыр күні кешке жас түлектер іс-шарасынан кейін оқушылар үйлеріне қайтып бара жатқан жерінен аяқ астынан түсірдік. Негізі алдын ала балаларды дайындаған жоқпыз. Бірақ 2 күннің ішінде Instagram-да 3,5 миллиондай қаралым жиналды. Ал TikTok-тағы қаралым саны 3 миллионнан асты. Әртүрлі парақшаларда жиналған жалпы қаралым саны 10 миллионнан асады, – дейді жеңімпаз.

Ұстаз Димаш Құдайбергеннің анасынан «Алтын билетті» алған кездегі әсерімен бөлісті.

–Димаштың анасының қолынан «Алтын билетті» алғандағы әсерім керемет. Бірақ Димаштың өзімен кездесе алмадым. Есесіне, Димаштың анасының батасын алдық. Біздің мектебімізге деген жылы лебізін білдірді. Осындай алып, батыр анадан осындай жүлде алу – мен үшін үлкен мәртебе, – дейді ол.

Фото: Ақмоншақ Нұртазаның жеке мұрағатынан

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: