Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-5°C

, Бейсенбі, 26 желтоқсан, 23:10

Дүйсенбі күнге арналған ауа райы болжамы

19.09.2022

368

0

19 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігі суық антициклонның ықпалында болады, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, түнде еліміздің солтүстігінде, орталығында, шығысында үсік күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ел бойынша екпінді жел, оңтүстікте – шаңды дауыл, шығыста түнде және таңертең тұман болжанады.

Атап айтқанда, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: