Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

20°C

, Сейсенбі, 17 қыркүйек, 00:11

Екінші алтын: Ақмарал Науатбек Паралимпиада ойындарының чемпионы болды

06.09.2024

368

0

Пара дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде (J2 санаты) белдескен Ақмарал Науатбек Париж Паралимпиадасының чемпионы атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

Финалда ол Франция өкілі Сандрина Мартинеден басым түсіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.

Пара дзюдодан Қазақстан тарихында әйелдер арасында тұңғыш әлем чемпионы атағын жеңіп алған Ақмарал енді міне, ел тарихында дәл осы спорт түрінен Паралимпиадада топ жарған алғашқы спортшы атанып отыр. Ол былтырғы пара Азия ойындарында да қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа таққан еді.

Еске сала кетейік, Ақмарал Париж татамиінің жартылай финалында түркиялық Джахиде Екені, ширек финалда үндістандық Кокиланы иппонмен жеңді.

Бұған дейін пара пауэрлифтингтен 54 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Давид Дегтярев алтын медаль жеңіп алған еді. Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында 2 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлде бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: